Human Rights Lawyers қоғамдық қорының мәліметінше, әйел өзін бір емес, бірнеше қайын әпкесі ұрып-соғатынын айтқан.
Қостанайда келіншек күйеуінің туыстарынан бірнеше рет зорлық-зомбылық көргенін айтып, заңгерлерден көмек сұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Human Rights Lawyers қоғамдық қорының мәліметінше, әйел өзін бір емес, бірнеше қайын әпкесі ұрып-соғатынын айтқан.
Оның сөзінше, бұған дейін де полицияға хабарласып, арыз жазуға әрекеттенгенімен, тиісті көмек ала алмаған. Соңғы жанжал келіншектің жуылған киімдерді үйінің алдына жайып қойғанынан кейін шыққан: туыстары келіп, үйдің терезесін сындырғаны айтылады. Оқиғадан кейін әйелге заңгерлік көмек көрсетіліп, полицияға арыз берілген.
Қазір оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтауы тиіс. Видео: @human_rights_lawyers_