25.08.2026, 20:50

Президент Конгресс мүшелерін жаңа Конституциясындағы негізгі аспектілермен таныстырды

Фото: Ақорда

Көпжақты форматта да жемісті ынтымақтастық орнады.

Президент Конгресс мүшелерін еліміздің жалпыхалықтық қолдауға ие болған жаңа Конституциясындағы негізгі аспектілермен таныстырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы сан қырлы қазақ-америка серіктестігі сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастық, озық технологиялар, ғылым, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастыққа баса мән бере отырып, қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамппен конструктивті әрі сенімді диалогтың арқасында екі елдің қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілгенін айтты. 

Көпжақты форматта да жемісті ынтымақтастық орнады. Мұның айқын дәлелі – Қазақстан Американың жаһандық және өңірлік тұрақтылықты нығайту бастамаларына, соның ішінде Бейбітшілік кеңесі мен Ибраһим келісімдеріне қолдау білдірді.

Бұл ретте Президент Қазақстан мен АҚШ ядролық қауіпсіздікті нығайту және жаппай қырып-жою қаруын таратпау ісінде де маңызды рөл атқаратынына назар аударды.