Тоқаев жаңа Ата заңда алғаш рет білім беру саласына ерекше басымдық берілгенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Тамыз конференциясы еліміздегі ауқымды өзгерістер кезеңімен тұспа-тұс келгенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Президенттің сөзінше, наурыз айында өткен жалпыұлттық референдумның қорытындысымен жаңа Халық Конституциясы қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енді. Ол бұл оқиғаны Қазақстан үшін тарихи маңызы зор қадам деп бағалады.
Тоқаев жаңа Ата заңда алғаш рет білім беру саласына ерекше басымдық берілгенін атап өтті.
«Адам капиталын, білімді, ғылымды және инновацияны дамыту еліміздің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды», – деді Мемлекет басшысы.