27.08.2026, 10:25

Дархан Ахмедиев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды

Фото: TengriNews

Дархан Ахмедиев бұл қызметке 2022 жылғы сәуірде тағайындалған еді. 

Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Дархан Ахмедиев бұл қызметке 2022 жылғы сәуірде тағайындалған еді.

Бұл туралы Ақорданың Telegram арнасында жарияланды.

Тиісті өкімге Президент қол қойды. 

Ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығы бойынша үздік тәмамдап, «Болашақ» бағдарламасымен King's College London университетінде киберқауіпсіздік бағыты бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2012 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да талдаушы болып бастаған. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі мен ІІМ-де, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде жұмыс істеген. 2017-2019 жылдары Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде басқарма басшысы болды.

2019-2020 жылдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде түрлі басшылық қызметтер атқарған.