28.08.2026, 11:55

Президент жаңа Құрылтай төрағасын ұсынды

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Құрылтайының төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайды ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айбек Дәдебай 2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған. 2003 жылы осы ЖОО-ның магистратурасын «аймақтану магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған.

Сонымен қатар, 2001-2002 жылдары Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болды.

2008-2011 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, ҚР Парламентінің Сенаты Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы.

2011-2013 жылдары ҚР БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінің үшінші хатшысы, атташе.

2013-2019 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.

2019-2021 жылдары ҚР Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары.

2021 жылдың мамыры – 2022 жылдың қаңтар аралығында ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары.

2022 жылы ҚР Президенті Іс басқарушысы. 2024 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болды. Ал 2026 жылдың мамыр айынан Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды.