29.08.2026, 17:30

Непал мен Қытай шекарасында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр

Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді. 

Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат болған аумақта болуы мүмкін Қазақстанның үшінші азаматы туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді. 

СІМ мәліметінше, қазақстандық дипломаттар Непал және Қытайдың тиісті мемлекеттік органдарымен бірлесіп іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоғалған азаматтардың жақындарымен де тұрақты байланыс орнатылған.

Бұған дейін аталған аумақта екі қазақстандық әйелдің хабар-ошарсыз кеткені белгілі болған. Министрлік олардың табиғи апат болған жерде болуы мүмкін екенін хабарлаған.

Әйелдердің бірі су тасқынынан кейін Непалдан Қытайға бағыт алған туристік топтың құрамында болған. Қазір оның нақты қайда екені анықталмай отыр.

Қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен бірлесіп іздеу жұмыстарын жалғастырып, жоғалған азаматтардың туыстарына қажетті ақпарат беріп отыр.