$ 464.77  541.36  5.41

Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болып сайланды

Ерлан Карин 1976 жылы Түркістан облысының Ақсу ауылында дүниеге келген.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қариннің кандидатурасын Қазақстанның вице-президенті қызметіне ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жаңа Конституцияға сәйкес, Президент өз міндетін атқара алмай қалған жағдайда оның өкілеттігі уақытша вице-президентке өтеді. Одан кейін бұл міндет Құрылтай төрағасына, ал одан әрі Премьер-министрге жүктеледі.

Ерлан Қарин 1976 жылы Түркістан облысының Ақсу ауылында дүниеге келген. Саяси ғылымдар кандидаты. Әр жылдары Президенттің кеңесшісі және көмекшісі, Мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарған.

2022 жылдың маусымынан бастап Мемлекеттік кеңесші болды. Бұл лауазым жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін таратылды.

2026 жылдың маусым айынан Қарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Құрылтай депутаттары Ерлан Қаринның кандидатурасын бірауыздан қолдады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0