$ 464.77  541.36  5.41

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды.

Атап айтқанда, Вице-Президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0