$ 464.77  541.36  5.41

Президент Малайзия Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Мемлекет басшысы Қазақстан Малайзиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өткен. Сондай-ақ Президент ортақ күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық алдағы уақытта да халықтарымыздың игілігі жолында дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірген.

  Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимнің игі бастамаларына сәттілік, ал Малайзия халқына бақ-береке тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0