31.08.2026, 21:25

Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан Көшпенділер ойындарының ашылуын тамашалады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

 

Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтеді.

Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады. Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. Отандастарымыз 43 спорт түрінің барлығында өнер көрсетеді.

Тегтер: Бішкек АҚОРДА