03.09.2026, 09:30

Ержан Сәденов Ішкі істер министрі болып қайта тағайындалды

Фото: Алматы телеарнасы

2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысы Ішкі істер министрін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Ержан Сәденов Қазақстанның Ішкі істер министрі болып қайта тағайындалды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысы Ішкі істер министрін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Тиісті құжат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды», – делінген ресми ақпаратта.

Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.

Ол еңбек жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер органдарында бастап, 2009 жылға дейін түрлі қызметтер атқарды. Кейін Маңғыстау, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Көліктегі ішкі істер департаменттерінде басшылық қызметтер атқарды.

2022-2023 жылдары Ішкі істер министрінің орынбасары болды. 2023 жылдың қыркүйегінен бері Ішкі істер министрі қызметін атқарып келеді.

Сәденов I дәрежелі «Даңқ», сондай-ақ I және II дәрежелі «Айбын» ордендерімен марапатталған.

Айта кетейік, 3 қыркүйек күні Дәурен Қосановты Қазақстанның Қорғаныс министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлық та жарияланды.