Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.
Ғалымжан Қойшыбаев 1991 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдап, кейін осы оқу орнының аспирантурасында білім алған.
Еңбек жолын дипломатиялық қызметтен бастаған. 1995-2004 жылдары Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде түрлі қызметтер атқарды. Кейін ҚР Президенті Әкімшілігінде, Сыртқы істер министрлігінде және бірқатар шет мемлекеттердегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінде жұмыс істеді.
2016-2019 жылдары Сыртқы істер министрінің орынбасары болды. 2019 жылдан бастап Премьер-министр Кеңсесі мен Үкімет Аппаратында басшылық қызметтер атқарып келеді.
Қойшыбаев мемлекеттік қызметтегі еңбегі үшін «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және бірқатар мерейтойлық медальдармен марапатталған. Сондай-ақ Латвия мен Финляндияның мемлекеттік наградаларына ие.