$ 454.31  528.04  5.25

Семейде Toyota Land Cruiser қағып кеткен 69 жастағы әйел қаза тапты

Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды.

Фото: Абай облысы ПД
Фото: Абай облысы ПД

8 қыркүйек күні сағат 12:00 шамасында Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі Қ. Мұхамедханов көшесімен келе жатып, Абай көшесіне солға бұрылған кезде 69 жастағы әйелді қағып кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Абай облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ол реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтіп бара жатқан. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды.

— Жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған көлік құралын басқарған тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — деді полиция қызметкерлері.

Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде жылдамдықты төмендетіп, маневр жасау барысында ерекше сақ болуға шақырады.

Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жолдың жүру бөлігіне шығар алдында, тіпті бағдаршамның рұқсат беретін сигналы жанған кезде де, қозғалыстың қауіпсіз екеніне көз жеткізу ұсынылады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0