05.10.2026, 15:10

Президент білім саласының үздіктерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

Білім саласының үздік мамандары мемлекеттік награда алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін мына азаматтар марапатталсын:

«Құрмет» орденімен

Арынова Дәмеш Арынқызы – «Бименде Амалбеков атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ мұғалімі, Ұлытау облысы

Зәйкенова Руда Зәйкенқызы – «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ профессоры, Алматы қаласы

Қайсаева Гүлбану Зәкәрияқызы – білім беру саласының ардагері, Астана қаласы

Малайдар Марта Есіркепқызы – білім беру саласының ардагері, Ақтөбе облысы;

 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Аханов Дәулетназар Дәулетбайұлы – «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушысы, Түркістан облысы

Әлиев Мұрат Қапбарұлы – «Esil University» мекемесінің профессоры, Астана қаласы

Бабаева Жібек Шамғалиқызы – «Жалпы білім беретін мектеп-гимназия» КММ мұғалімі, Маңғыстау облысы

Егізбаев Нұржан Хамытбекұлы – «№ 7 орта мектеп» КММ мұғалімі, Жамбыл облысы

Жұмағалиева Алмажан Жасұланқызы – «Қажым Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі, Батыс Қазақстан облысы

Қожахметова Алма Шәймерденқызы – «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің доценті, Түркістан облысы

Нұрмахатов Ғалымжан Амангелдіұлы – «Темірбек Жүргенов атындағы № 123 мектеп-лицей» КММ мұғалімі,Қызылорда облысы

Садықов Ахметжан Бисенғалиұлы – «Томарлы ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, Павлодар облысы

Сыдықбекова Бәтима Жақсылыққызы – «№ 173 мектеп-лицей» КММ мұғалімі, Алматы қаласы

Шилов Игорь Алексеевич – «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ аға оқытушысы;

 

«Шапағат» медалімен

Қадырова Жібек Шәкенқызы – «Кеген ауылының № 7 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ басшысы, Алматы облысы

Лысенко Александр Георгиевич – «Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығы» КММ педагогі

Тайтелиева Жұмакүл Шегебайқызы – «№ 122 «Ақ көгершін» бөбекжай-бақшасы» МКҚК меңгерушісі, Шымкент қаласы

Тарасова Елена Михайловна – «№ 3 арнаулы мектеп-интернат» КММ педагогі, Қарағанды облысы

Тлеулина Галия Жамалетдиновна – «Ақбота» бөбекжайы» КМҚК музыка жетекшісі, Ақмола облысы;

 

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы»

құрметті атағы берілсін

Айшуақова Күләш Мырзабайқызы – «Нұрғиса Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат» КММ мұғалімі, Атырау облысы

Байтасова Ботагөз Шаяхметқызы – «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат» КММ мұғалімі, Қостанай облысы

Жантілеуова Айман Жантілеуқызы – «Талдықорған қаласы Мұхтар Арын атындағы № 24 мамандандырылған лицейі» КММ мұғалімі

Лахтин Михаил Васильевич – «№ 8 эстетикалық тәрбие беретін жалпы орта білім беру мектеп-кешені» КММ педагог-хореографы, Солтүстік Қазақстан облысы

Мұқашева Меруерт Қозықанқызы – «Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат» КММ мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы

Нұрғалиева Гүлжан Әбенқызы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Астана қаласы Нұра ауданының жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының мұғалімі

Оспанова Айгүл Төлегенқызы – «Қожагелді батыр атындағы орта мектеп» КММ мұғалімі, Абай облысы

Рахмедьянова Ұлжан Әшімқызы – «№ 46 балабақша-мектеп-гимназия кешені» КММ директорының орынбасары, Астана қаласы

Тағаева Гүлмира Тұрдыбекқызы – «Бірінші мамыр» жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, Түркістан облысы

Тілеубаева Қаламқас Қалиқызы – білім беру саласының ардагері, Маңғыстау облысы

Шотанова Эльмира Манарбекқызы – «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты» КММ мұғалімі, Алматы қаласы.

 

Тегтер: Ақорда