06.10.2026, 12:25

Бектенов Абай облысындағы жылыту маусымына дайындықты сынға алды: әкім орынбасары жауапқа тартылмақ

Фото: Видео скриншот

Премьер-министр жауапты тұлғалардың жұмысын сынға алып, тиісті шара қабылдауды тапсырды. 

 

Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысы әкімінің осы салаға жауапты орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұған Семей қаласындағы жылу желілерінің жылыту маусымына уақытында дайын болмауы себеп болған.

Үкімет мәліметінше, Абай облысы белгіленген мерзімде жылу беру маусымына дайындықты аяқтамаған жалғыз өңір болып отыр.

Премьер-министр жауапты тұлғалардың жұмысын сынға алып, тиісті шара қабылдауды тапсырды. Абай облысын Берік Уәли басқарады.