Депутаттар әріптесінің өтінішін бірауыздан қолдады.
Бүгін, 7 қазанда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутат Татьяна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Құрылтайдың жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов 6 қазанда Татьяна Савельевадан депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш түскенін мәлімдеді.
«Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Татьяна Михайловна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды сұраймыз», – деді ол.
Депутаттар әріптесінің өтінішін бірауыздан қолдады.
Алайда Татьяна Савельеваның депутаттық өкілеттігін өз еркімен тоқтатуға не себеп болғаны нақты айтылмады.