07.10.2026, 11:40

Татьяна Савельеваның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

Фото: Инстаграм

Депутаттар әріптесінің өтінішін бірауыздан қолдады. 

Бүгін, 7 қазанда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутат Татьяна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Құрылтайдың жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов 6 қазанда Татьяна Савельевадан депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш түскенін мәлімдеді.

«Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Татьяна Михайловна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды сұраймыз», – деді ол.

Депутаттар әріптесінің өтінішін бірауыздан қолдады.

Алайда Татьяна Савельеваның депутаттық өкілеттігін өз еркімен тоқтатуға не себеп болғаны нақты айтылмады.