07.10.2026, 12:15

Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Фото: Ашық дереккөз

Құрылтай депутаттары Татьяна Савельеваны депутат ретіндегі қызметі үшін алғыс айтып, шығарып салған.

Бүгін Құрылтайда депутат ретінде өкілеттігін тоқтатқан Татьяна Савельева президент Жарлығымен Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды»,- деп хабарлады Ақорда.

Бүгін Құрылтай депутаттары Татьяна Савельеваны депутат ретіндегі қызметі үшін алғыс айтып, шығарып салған.

Тегтер: депутат