08.10.2026, 14:25

Орталық Азия және Әзербайжан басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

 

Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIII Консультативтік кездесуі қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кездесу барысында өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамыту, мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту және ортақ мәселелер бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру мәселелері талқыланды.

Жиын нәтижесінде тараптар өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық байланыстарды нығайту және өзара тиімді әріптестікті дамыту бағытындағы ұстанымдарын бекіткен Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. 

Тегтер: Ақорда