12.10.2026, 11:40

Президент Бельгиялықтар королі Филипп пен Матильда патшайымды Ақордада қарсы алды

Фото: видео скриншот

Сапар бағдарламасы төрт негізгі бағытты қамтиды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар королі Филипп пен Матильда патшайымды Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жоғары мәртебелі меймандардың сапарына орай салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауылы сап түзеді. Тараптар ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды.

Одан кейін Құрмет қарауылы ротасының командирі салтанатты рапорт берді.

Президенттік оркестр Қазақстан мен Бельгияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, король Филипп пен Матильда патшайым кілем төселген жолмен Қазақстанның Мемлекеттік туына қарай жүріп өтті. Осыдан кейін екі ел басшыларының шағын құрамдағы кездесуі басталды.

Айта кетейік, 11-14 қазан күндері Бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайым Матильданың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді.

Сапар бағдарламасы төрт негізгі бағытты қамтиды. Олар — аса маңызды пайдалы қазбалар, жасанды интеллект, денсаулық сақтау, сондай-ақ тарих пен мәдениет.

Бельгиядан Қазақстанға 110 адамнан тұратын делегация келеді. Оның құрамында төрт министр, 25 компания басшысы, 10 университет ректоры және 13 журналист бар. Делегация құрамының ауқымды болуы Бельгия тарапының алдағы сапарға жоғары қызығушылық танытып отырғанын көрсетеді.

Еуропалық монархтар Астана мен Алматыдағы мәдениет және ғылым нысандарын аралап, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа арналған кездесулерге қатысады.

Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады.