13.10.2026, 15:40

«Дүниеме таласты»: Танымал кәсіпкер Ерсай күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Отбасындағы жанжалға тойда берілген алтын бұйымдар мен сыйға тартылған үйге қатысты дау себеп болған. 

Жақында тұрмысқа шыққан танымал кәсіпкер Ерсай күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, отбасындағы жанжалға тойда берілген алтын бұйымдар мен сыйға тартылған үйге қатысты дау себеп болған. 

Кәсіпкердің және оның жақындарының сөзінше, оның бес қайын әпкесі мен енесі тойда сыйланған алтындарға таласып, үйдің неліктен Олжастың емес, келіннің ағасының атына рәсімделгеніне наразылық білдірген.

Ерсай қайын жұртының көңілінен шығуға және олардың жағдайын жасауға тырысқанымен, бұл әрекеттері нәтиже бермеген. Жақындарының айтуынша, туыстарының көңілі толмай, ауыр сөздер айтуы жалғаса берген.

Отбасындағы келіспеушіліктер ушығып, ақыры кәсіпкер ажырасу туралы шешім қабылдаған.