13.10.2026, 16:40

Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда сапар аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беруде, деп хабарлайды Sn.kz ақпарта порталы. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған корольдік отбасы асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады.

Король мен Патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.