Тележүргізуші Динара Сәтжан Дубайда демалып жүрген видеосын бөлісіп, оқырмандарын ойға қалдырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Ол видеода Дубайдың заманауи зәулім үйлерінен бөлек, XX ғасырдың басындағы тарихи Al Seef орамын көрсетіп, қаланың ескі атмосферасы туралы сыр шерткен еді. Бірақ оқырмандардың назары Дубайдың тарихына емес, Динараның сырт келбетіне ауды.
Желі қолданушылары оның өзгерген мүсінін байқап, бірден «сүйінші сұрауға» кірісіп кетті: «Ооо, Динараның аяғы ауыр сияқты ғой!», «Сізбен бірге саяхаттағандай боламыз. Бұл демалыс өзіңізге де, ішіңіздегі сәбиге де игілігін берсін!», «Толысқан ба, әлде шынымен де жүкті ме?» — деп жазды олар.