21.10.2026, 15:10

Өзбекстанға өтетіндер көбеймек: «Жібек жолы» бекеті тәулігіне 70 мың адам қабылдайды

Фото: Видео скриншот

Жаңғырту жұмыстары екі ел арасындағы жолаушылар қозғалысын жеңілдетуге бағытталған. 

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Жібек жолы» өткізу бекетін жаңғырту жұмыстары осы айда аяқталады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, жөндеуден кейін бекеттің өткізу мүмкіндігі едәуір артады. Енді шекарадан тәулігіне 70 мың адамға дейін өте алады. Бұл туралы министр Құрылтайда өткен брифингте мәлімдеді.

Жаңғырту жұмыстары екі ел арасындағы жолаушылар қозғалысын жеңілдетуге бағытталған. Алайда бекеттегі кезек мәселесінің қаншалықты шешілетіні жұмыс толық аяқталғаннан кейін белгілі болады.