$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52

Президент Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысшысын марапаттады

Ол қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.  

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

 Қазақстан Президентінің Жарлығына сәйкес, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Қойшыбекұлы Доспановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Мемлекет басшысының шешімімен ол жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапатталып, Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін алады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен өндірістік қызметтегі аса үздік еңбегі үшін «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Қойшыбекұлы Доспановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылады», - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Жарлыққа 2026 жылғы 22 қазанда қол қойылған. Ол қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0