$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52

Қазақмыс металлургі жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды

Мемлекет басшысы әкесінің жолын жалғастырып, 40 жылдан астам уақыт металлургия саласында еңбек етіп келе жатқан және кәсіби тәжірибесін жас мамандарға үйретіп жүрген металлургтің еңбегін ерекше атап өтті.

Фото: Қазақмыс
Фото: Қазақмыс

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Доспановқа өндірістік қызметтегі айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Мемлекет басшысы әкесінің жолын жалғастырып, 40 жылдан астам уақыт металлургия саласында еңбек етіп келе жатқан және кәсіби тәжірибесін жас мамандарға үйретіп жүрген металлургтің еңбегін ерекше атап өтті.

«Өзінің кәсіби шеберлігі мен еңбекке адалдығының арқасында ол зор жетістіктерге жетіп, еліміздің дамуына елеулі үлес қосты», – деп атап өтті Президент.

Әбдірашит Доспановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды.

Бұл жоғары марапат – Әбдірашит Доспановтың көп жылғы адал еңбегінің лайықты бағасы ғана емес, күнделікті қажырлы еңбегімен отандық өнеркәсіптің дамуына үлес қосып жүрген барша еңбек адамдарына көрсетілген зор құрметтің белгісі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0