Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Мұратбековті Жоғары сот кеңесінің хатшысы әрі аппарат басшысы лауазымынан босатты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Жоғары сот кеңесі судьялыққа үміткерлерді іріктеп, оларды тағайындау жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс енгізеді. Дәурен Мұратбеков 2024 жылдың ақпан айынан бері осы кеңестің аппаратын басқарған.
Дәурен Мұратбеков туралы не белгілі?
Дәурен Мұратбеков 42 жаста. Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Халықаралық құқық» мамандығын, кейін Көкшетау университетінде «Қаржы» бағыты бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2006 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бастаған. Кейін Экономикалық даму және сауда министрлігінде, сондай-ақ Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікте қызмет атқарды.
2014-2018 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің заң департаментін басқарды. Одан соң бес жыл бойы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінде жұмыс істеді.
2023 жылдың соңында Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалды.