03.11.2026, 12:35

27 мың медицина қызметкеріне қатысты жаңа норма: бюджеттен жылына 137 млрд теңге қажет

Фото: Видео скриншот

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. 

Қазақстанда алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында жұмыс істейтін 27 мың медицина қызметкеріне қатысты жаңа қолдау тетігі енгізілмек. Оны жүзеге асыруға жыл сайын орта есеппен 137 млрд теңге қажет, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Министрдің айтуынша, жаңа норма меншік нысанына қарамастан, алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесінде еңбек ететін медицина қызметкерлерінің барлығын қамтиды. Аталған тетікке қажетті қаржы көлемін Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктері бірлесіп есептеген. Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлерін қолдау бағытындағы шаралар 2020 жылдан бері кезең-кезеңімен жүзеге асып келе жатқанын айтты.