Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.
Қазақстанға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
Айбек Смадияровтың мәліметінше, Иордания королі Қазақстанға 5-6 қараша күндері келеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылайды.
Ал Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның ресми сапары 5-7 қараша аралығына жоспарланған.
«Екі елдің көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін қарастырады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 6 қарашада Астанада Ақаба процесінің саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.