26.08.2014, 10:31

Энергетика министрлігі комитеттерінің басшылары тағайындалды

Сурет: kapital.kz

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі комитеттерінің басшылары тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Министрліктің басапасөз қызметі мәлімдегендей, экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің төрағасы болып Момышев Талғат Амангелдіұлы тағайындалды.

«Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы болып Есімханов Сұнғат Қуатұлы тағайындалды», делінген хабарлама.