$ 447.52 € 502.21 ₽ 5.41

Қазақстандық ғалымдар зерттеу жүргізуге бөлінетін қаржыны күтіп отыр

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Қазақстандық ғалымдар ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінетін қаржының уақытында түспеуіне байланысты қиындықтарға тап болып отыр. Бұл мәселені Құрылтай депутаты Лаура Қарабасова көтерді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Депутаттың айтуынша, ғылыми жобаларды қаржыландыруға арналған конкурстардың кеш жариялануы және шешім қабылдау мерзімдерінің созылуы ғалымдардың жұмысына кері әсерін тигізуде.



«Конкурстық рәсімдер қанша кешіксе де, біз осы аралық кезеңді ұмытпауымыз керек. Конкурс жарияланғанға дейін ғалымдарымыз күтіп қалмауы тиіс. Олар конкурстың қашан жарияланатынын, шешімнің қашан қабылданатынын және қаржының қашан түсетінін нақты білуі керек», – деді Лаура Қарабасова.



Депутаттың сөзінше, бұл мәселені шешу үшін 24 маусымда заңнамалық өзгерістер енгізілген. Сонымен қатар, тиісті комитет тарапынан да бірқатар ұсыныс әзірленген.

Қазіргі уақытта ұсыныстар министрлікпен бірлесіп пысықталып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#депутат