Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, сапар барысында Қазақстан Президентінің Минск қаласында өтетін Кеден одағы елдері көшбасшыларының, Украина және Еуропалық Одақ төрағасы орынбасарының кездесуіне қатысуы, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған.