20.11.2026, 19:40

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдады

Фото: Ақорда

Кездесу соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдады.

Президент ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге қойылған міндеттер туралы есепті тыңдады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен өткен жиын қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау аясында Мемлекет басшысына ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін реформалау және тиімділігін арттыру бойынша қолға алынатын шаралар туралы баяндалды.

Кездесу соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.