Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Қазақстан президентінің Іс басқармасында кадрлық тағайындау болды. Айбек Сыдықов ведомство басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Жексеналыұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы президенті іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Мансабы
Еңбек жолын 2006 жылы "Алматы қаласы тарихы музейі" КМҚК-да экскурсия жүргізушісі болып бастаған.
2007-2015 жылдары – "Алматы қаласы тарихы музейі" КМҚК ғылыми қызметкері, директордың орынбасары, директоры.
2015-2016 жылдары – "Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі" КМҚК директоры.
2016-2022 жылдары – "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мемлекеттік музейі" РМҚК мұражай бөлімінің басшысы, директордың орынбасары.
2022-2025 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" РМҚК директорының орынбасары.
2025 жылғы қаңтардан 2026 жылғы қарашаға дейін – ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.