Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасына бөлінген қаражаттың жұмсалуын қадағалайтын мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бағытталған қаражаттың пайдаланылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы Жарлыққа қол қойды.
Жаңа комиссияның басты міндеті – бағдарлама аясындағы жобалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар бөлінген бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына және қаржылық тәуекелдердің туындауына жол бермеу көзделген.
Бақылау жұмыстары бағдарламаны жоспарлау мен қаржыландырудан бастап, құрылыс нысандарын пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңді қамтиды.
Комиссия мемлекеттік сатып алулардың мерзімін, құнын және заңдылығын тексереді. Сондай-ақ тәуекелі жоғары жобаларды анықтап, жұмыстағы кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар әзірлейді.
Бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы мониторинг нәтижелері бойынша Мемлекет басшысына тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша есеп беріледі.
Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Жоғары аудиторлық палата белгіленді.
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлер мен бизнес қауымдастықтың өкілдері енгізілді.