ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапары аясында Сингапурға барып, СР Премьер-Министрі Ли Сянь Лунмен, СІМ Басшысы Касивисванатан Шанмугаммен, инновациялар саласындағы жетекші сингапурлық сарапшылармен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚР Ішкі істер министрлігінің басапасөз қызметі мәлімдегендей, Сингапур Премьер-Министрімен кездесуі барысында тараптар екіжақты қатынастардың қазіргі ахуалы мен болашағын талқылады, олар экономика, сауда, инвестициялар салаларымен қатар, мемлекеттік қызмет, электронды үкімет, білім беру, бюджеттік жоспарлау, кіші және орта бизнесті қолдау тарауларын да қамтиды. Аталған барлық салаларда толығымен қолданылмаған үлкен әлеует бар екендігі атап өтілді.
Сингапур Республикасы Сыртқы істер министрі, Әділет министрі Касивисванатан Шанмугаммен кездесу барысында Қазақстанда химиялық кластерді дамыту ісіндегі ынтымақтастық, білім беру және ғылым салаларында, соның ішінде кәсіби-техникалық білім беру саласындағы ықпалдастық атап өтілді.
«ҚР СІМ басшысы сұхбаттасына Қазақстан Сингапурмен құқық саласында ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ, екі ел азаматтарының өзара сапарлары артып отырғандығы сөз болды. Осыған орай Сингапур тарапына барлық паспорт түрлерін иемденетін азаматтарға 30 күндік мерзімнен аспайтын сапарлар үшін визалық талаптарды жою туралы Келсімге қол қою мүмкіндігін қарастыру бойынша ұсыныс жасалды», делінген хабарламада.