$ 448.15  483.46  4.86

Елбасы 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қабылдауды тапсырды

2014жылдың аяғына дейін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын қабылдау қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Парламентінің төртінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды «Қазақпарат».

— Бүгінде құқықтық салада жемқорлықпен күрес тұрғысында тиімді жұмыстарға негізделген бірқатар реформалар жүргізілді, алайда олар жеткіліксіз. Биылдың соңына дейін Қазақстан Республикасының 2025 дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын қабылдау қажет, — деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент азаматтардың қызметтік өкілеттілігін пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану мүмкін болмайтындай мемлекет тиісті жағдай жасауы керек екенін қадап айтты.

—Ол үшін бұл жұмыстарда үздік әлемдік тәжірибені алу қажет, — деді Елбасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары