Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық қызметке ақы төлеу комитетін өзгертіп, міндетті медициналық сақтандыру қорын құруды тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
— 2017 жылдан бастап Міндетті медициналық сақтандыру қорын құрып, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетін өзгерту қажет, — деді Н.Назарбаев ҚР Парламентінің төртінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, қазіргі бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аталған қорға негіз болмақ.