Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке биылғы жылы ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
— Үкіметке биылғы жылдың соңына дейін «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» Заң жобасын әзірлеуді тапсырамын, — деді Н.Назарбаев.
Ол Үкіметтің АӨК-де өнімділікті арттыру үшін салық заңнамасына бірқатар өзгертулер әзірлегенін атап өтті.
— Биылғы күзде аталған заң жобасы Парламент Мәжілісіне енгізілуі тиіс, — деді Президент.