$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстан елшісі Сауд Арабиясының Короліне сенім грамотасын тапсырды

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Бақыт Батыршаев Сауд Арабиясының Королі Абдалла бен Абдельазизге сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, елші рәсім барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел және халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастық қатынастарды жан-жақты нығайтудағы дәйекті бағытын қуаттады.

«Өз кезегінде Король Абдалла Президент Н.Ә.Назарбаевқа өзінің шынайы сәлемін және зор құрметін жеткізді, сондай-ақ Корольдіктің Қазақстанмен өзара қарым-қатынастарын одан әрі тереңдетуге мүдделілігін білдірді», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары