02.09.2014, 12:30

Елбасы Жарлықтарымен Қазақстанның елшілері тағайындалды

Сурет: inmosreg.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен Қазақстан Республикасының бірқатар елдердегі елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі; Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалған.

«Сонымен қатар, Қазақстан Ресубликасының Вьетнам Социалистік Рекспубликасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бекетжан Махатжанұлы Жұмаханов Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халықтық-Демкократиялық Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», делінген хабарламада.