$ 494.87  520.65  4.91

Депутаттар Жириновскийге қатысты Ресейден саяси баға беруді сұрады

Парламент мәжілісінің депутаттары ресейлік саясаткер, Ресей мемлекеттік думасының спикері Владимир Жириновскийдің бірер күн бұрын Қазақстанға қатысты мәлімдемесіне қарсылық білдіріп, нақты жауап берілуі қажет екенін мәлімдеді, деп хабаралайды Азаттық.

Бұдан бірер күн бұрын Ресейдің Либерал-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский «Ресей патшалығының қазақтарды жоңғарлардан құтқарып, Солтүстік Қазақстанды азат еткенін» мәлімдеген. Ол Ресей Украина дағдарысы шешілмейінше Қазақстанға мін таға алмайтынын айтып, «Әзірге күте тұрып, Украинамен мәселені шешіп алайық» деген еді.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, мәжіліс депутаты, «Ақжол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Жириновскийдің мемлекеттік дума депутаты екенін айтып, оның мәлімдемесіне байланысты «саяси баға берілуі қажет» деген.

Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов «Жириновский мемлекетте үлкен лауазымды атқаратындықтан мұндай жауапсыз мәлімдемелер жасай алмайды. Мұнысы үшін ол жазалануы тиіс», деді.

Сенат депутаты депутаты Ғани Қасымов Жириновскийдің сөзіне орай қоғамдағы наразылықты басу үшін оның мәлімдемесіне «кәсіби, саяси деңгейде баға беріліп, жауап қату» қажет дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары