Саясат 03.09.2014 сағат 07:30

Назарбаев Toyota Fortuner автомобильдерін құрастыру үдерісімен танысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ға барды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, кәсіпорынды аралау барысында Елбасы Toyota Fortuner және SsangYong Nomad автомобильдерін құрастыру үдерісімен танысты.

«Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев өндірістік цехтарды аралап көрді және кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесті. Дайын өнімдер қоймасында Қазақстан Президентіне кәсіпорында шығарылған автомобильдер көрсетілді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «ЕвразКаспианСталь» ЖШС-да болды.

Мемлекет басшысы металды өңдеу және қайта өңдеу, арматура жасау және ұсақ сортты прокаттар шығару жөніндегі инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты.

Қазақстан Президентіне прокат жасайтын технологиялық желінің жұмысы мен өндіріс технологиясы туралы, сондай-ақ атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорынның өндірістік цехтарын аралап көрді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар