Саясат 04.09.2014 сағат 07:15

Каникулды қысқарту туралы Елбасы ұсынысына сенаторлар түсіністікпен қарайды — Тоқаев

Парламент Сенатының жалпы отырысында Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың демалыс мерзімін қысқарту туралы Елбасы ұсынысына парламентшілер түсіністікпен қарайды деген сенімін білдірді, деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары».

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қос палата депутаттарының жазғы демалыс мерзімін қысқарту туралы ұсыныс айтқан болатын. Оның себебін Президент: «Депутаттардың каникулын қысқарту туралы шешім қабылданса, депутаттық корпусқа халық игілігі үшін барлық мемлекеттік органдармен бір «ритмде» жұмыс істеуге мүмкіндік туар еді»,  деп түсіндірді.

— Елбасының депутаттық каникулдың мерзімін қысқарту жөніндегі өтінішіне түсіністікпен қарап, тиісті шешім қабылдаймыз деп сенемін. Баршамызды алда жүйелі түрде жүргізілетін жұмыстар күтіп тұр. Сондықтан, біз алдымызда тұрған зор жауапкершілікті терең түсініп, осы бағытта белсенді жұмыс істеуге тиіспіз, — деді Тоқаев бейсенбіде жалпы отырыста.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар