04.09.2014, 08:00

Елбасы жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді

Сурет: tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, сапар аясында Мемлекет басшысы жиын-терін науқанына дайындық барысымен танысады, сондай-ақ облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерімен кездеседі.