$ 494.87  520.65  4.91

Ұйғырлардың «қазақ» кейпінде Қазақстанға келуі — Үкіметтегі лобби

«Қытайдағы ұйғырлардың «қазақ» атанып, Қазақстанға жаппай қоныс аударуы — үкіметтегі лобби». Skifnews.kz порталы өз оқырмандарының арасында жүргізген сауалнаманың қорытындысы осындай. Яғни, сұрақ-жауапқа қатысқандардың жартысынан астамы ұйғырлардың жалған құжатпен Қазақстан аумағына енуіне үкіметтің де қатысы бар деп есептейді екен.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандық БАҚ-тар Қытайдағы ұйғырлардың жаппай біздің елге қоныс аударып жатқанын жарыса жазған болатын. Өкініштісі сол, олар Қазақстанға оңай кіріп, мемлекеттің жеңілдіктерін алу үшін құжаттарындағы ұлтын «қазақ» деп көрсеткен және оралман ретінде елге кірген.

Нақты ресми расталмаса да бұл жайтты биліктегілер жоққа да шығарған жоқ. Жел тұрмаса шөп басының қимылдамасы анық. Демек, факт орын алуы әбден мүмкін. Ал, ұйғыр азаматтарының «қазақ» атанып, Қазақстанға енуіне кім жағдай жасап отыр деген сауал тағы мазалайды. Біз осы ретте өз оқырмандарымыздың арасында сауалнама жүргізіп, көпшіліктің ойын білдік. Нәтижесі мынадай...

Сауалнамаға 480-ге жуық адам қатысты. Олардың тең жартысы (50,3%) мұны үкіметтегі лобби деп есептейді екен. Сұралғандардың 16,3 пайызы болса ұйғырлардың жаппай Қазақстанға көшуін Қытай билігінің қысымынан көріп отыр. Бұл ретте айта кету керек, ҚХР соты биылдың өзінде лаңкестікке қатысы бар деген айыппен бірнеше ұйғыр азаматына қатаң үкім шығарған болатын.

Сонымен қатар, портал оқырмандарының біршама бөлігі (сауалнамаға қатысқандардың 12,4 пайызы) ұйғыр «көшіне» жемқорлықтың де қатысы бар дегенді айтуда. Яғни, шекара қызметкерлерінің ірі мөлшерде пара алуынан кейін ұйғырлар Қазақстан аумағына емін-еркін еніп жүр дейді олар.

Ал, сауалнамаға қатысқандардың қалған 5,2 пайызы Қазақстанның бос жерлерін ауылшаруашылық мақсатында игеру үшінұйғырларды биліктің өзі әкеліп қоныстандыруда деп санайды екен.

Айта кетейік, бұл Skifnews.kz порталы оқырмандарының жеке пікірі. Ал, ұйғыр азаматтарының біздің ел аумағына жалған құжатпен кіріп жатқандығы туралы мәліметті тиісті органдар жақын уақытта анықтап, тиісті шара қолданады деген үміттеміз.

Skifnews.kz-тің келесі сауалнамасы «Бүгінгі Қазақстанның бас идеологы кім деп ойлайсыз?» деген сұраққа арналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары