20.09.2014, 07:56

Елбасы Татарстан президентімен сауда-экономикалық мәселелер жайын талқылады

Сурет: akorda.kz

Елбасы Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановты қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақорданың ресми сайтының мәлімдеуінше, кездесу барысында ынтымақтастықтың сауда-экономика және мәдени-гуманитарлық салаларындағы негізгі мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Рустам Минниханов өзге де бірқатар салаларда өзара іс-қимылды дамытуға үлкен әлеует бар екенін атап өтті.