$ 498.34  519.72  4.85

Сооронбай Жээнбеков Қырғызстанның келесі президенті болуға жақын

Қырғызстанда президенттік сайлау аяқталды. Қазір сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, елдің президенті социал-демократ Сооронбай Жээнбеков болатын секілді. Әзірге ол 52,77% дауыспен көш бастап тұр.

Ал, Қазақстан президентінің қабылдауында болғаны үшін басы дауда қалған Өмірбек Бабанов болса 35,62% дауыспен екінші орында.

Сағат 20:40-ғы мәлімет бойынша, Жээнбековке 824 529 адам дауыс берсе, Бабановты жақтаушылардың саны 512 619 адамды құраған. Үшінші орында 99 761 дауыспен Адахан Мадмумаров тұр.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, Жээнбековтың жақтастары жеңісті тойлауға қазірден кірісіп кетіпті. Ал, сайлаудың ресми қорытындысы ертең жарияланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары