Бүгін Еревандағы ЕҮАК-нің кезекті отырысында ҚР Премьер-Министрі Қырғызстанмен шекарадағы бақылауды күшейту шараларына түсініктеме берді деп жазады Үкімет басшысының ресми сайты.
Бақытжан Сағынтаев Қытайдан ЕАЭО мемлекеттеріне тауарлар импортының серпіні Қырғызстаннан басқа, барлық елдерде оның төмендеуін білдіретінін, бұл өз кезегінде Қырғыз Республикасы тарапынан кедендік әкімшіліктендірудің жеткіліксіз деңгейін көрсететінін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан шекарасындағы бақылауды күшейту тек қана жүк тасымалдаушылар тарапынан заң бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.
Еске салайық, 15 қазанда өткен Қырғызстандағы президенттік сайлаудың алдында мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігін өзге елдің сайлауына араласып отыр деп айыптаған болатын. Сайлау өткеннен кейін Атамбаев өзінің бұл сөзді қызбалықпен айтып қойғанын мойындады. Ал, осы аралықта қазақ-қырғыз шекарасында Қазақстан кеденшілері кедендік бақылауды күшейткен еді.