01.11.2017, 04:46

Желтоқсанда Астана Сирия бойынша тағы бір келіссөздерді өткізбекші

Сирия бойынша келесі кездесу Астанада желтоқсанның екінші жартысында өтеді деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Астанада 30-31 қазанда Сирия бойынша жетінші кездесу өтті. Министр жалпы отырыста  кепілгер мемлекеттер – Иран, Ресей және Түркияның келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемесін оқып берді. 

Сирия бойынша келесі жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу Астанада 2017 жылғы желтоқсанның екінші жартысында өтеді", — деп оқыды мәлімдемені Әбдірахманов. 

Келіссөздерге қатысушылар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қазақстандық билікке Сирия қақтығысын реттеуге арналған жетінші кездесуді өткізгені үшін алғыстарын жеткізді.

Дереккөз: sputniknews.kz